Артқа
16.09.2014
Bank RBK Visa жүйесінің принципті қатысушысы мәртебесін иеленді
«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) Банкке Visa International халықаралық төлем жүйесінің Принципті қатысушысы мәртебесі берілді деп хабарлайды. Бұл шешімді 2014 жылғы 10 қыркүйекте Сингапурде өткен отырыста Visa Операциялық комитеті қабылдады.
Принципті қатысушы лицензиясы Банкке Visa-мен тікелей өзара есеп айырысу жүргізу мүмкіндігін, басқа қазақстандық коммерциялық банктерге процессингтік қызметтер ұсыну құқығын, сондай-ақ сауда және сервис кәсіпорындарында меншікті POS-терминалдарды орнатып, эквайринг қызметін дамыту мүмкіндігін береді.
2012 жылдың ақпан айында Банк Visa жүйесінің қауымдастық қатысушысы мәртебесіне ие болған еді. Ал 2013 жылдың қаңтар айында Банк меншікті карталарын шығара бастады. 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Банк 31604 төлем картасын шығарды. Аталған күні Банктің банкоматтар желісін 50 бірліктей құрайды.
Банк карточкалық бизнес бағыты ашылғалы бері Қазақстанда Visa өткізетін маркетингтік кампанияларға белсенді атсалысып келеді.
«Біздің банктің Visa жүйесіндегі мәртебесінің жоғарылағанына қуаныштымыз және өзара ынтымақтастық үшін серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз. Bank RBK төлем картасы Қазақстан нарығында жеке қаржыны басқарудың ыңғайлы да сенімді құралы ретінде өзін танытты. Біз клиенттерімізге әлемдегі сәйкес технологиялардың дамуына қарай жаңа опцияларды ұсына отырып, Visa негізіндегі банктік төлемдік өнімдерді алдағы уақытта да жетілдіруге ниеттіміз», – деп атап өтті Bank RBK басқарушы директоры Ирина Степанова.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне, барабар провизиялар мөлшеріне ие, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» контрагент рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді (болжам – «Тұрақты»).
2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Банк активтері 378,1 млрд. теңге, несие портфелі– 267 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты– 312,5 млрд. теңге, соның ішіндежеке тұлғалардың салымдары– 59 млрд. теңгеқұрады. Банктің 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы табысы 1,7 млрд. теңге құрады, бұл 2013 жылғы осы көрсеткіштен 2 есе көп.
Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында офистері бар.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%