Артқа
13.01.2017

Bank RBK 5,844 млрд теңге сомасына облигацияларды өтеді


«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) номиналды құны бойынша соңғы купондық сыйақы төлемімен бір уақытта Банктің Бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған облигациялардың 3-ші шығарылымын өтеуді жүзеге асырды. Төлемнің жалпы сомасы 5,844 млрд теңгені құрады, оның 5,619 млрд теңге – номиналды құны бойынша облигацияларды өтеу, 0,225 млрд теңге – купондық сыйақы (https://www.kase.kz/news/show/1320948).
Облигациялық қарызды уақтылы өтеу қарыз қағаздарын ұстаушылар алдында Банктің өз міндеттерін қатаң түрде орындауы, сондай-ақ, оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады. Банк клиенттер, серіктестер және инвесторлар алдында өзіне жүктелген барлық міндеттемелерді орындайды.
01.01.2017 жағдайы бойынша Bank BRK 151,8 млрд теңге өтімді активтерге иелік етеді, соның ішінде 18,6 млрд теңге кассалар мен банкоматтарда қолма қол ақша түрінде, сондай-ақ, 35,8 млрд теңге корреспонденттік шоттарда. Банк өтімділік деңгейі бойынша нормативтерді артығымен орындауда, әдетте, ҚР Ұлттық Банкінде белгіленген минималды шегі 30% болғанда 01.01.2017 К4 көрсеткіші 46% құрайды.
Банк ҚР ЕДБ рэнкингінде 10 орынға ие, 01.01.2017 жағдай бойынша активтер 1,021 трлн теңгені құрады.
01.01.2017 жағдай бойынша өзіндік капитал 82,2 млрд теңгеге тең. Бұл ретте Банк капиталдың жеткіліктілігі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің барлық талаптарын орындау үстінде: К1 = 7,5% (норматив кем дегенде 6,0% болған жағдайда), К2 = 9,0% (норматив кем дегенде 8,5% болған жағдайда).
01.01.2017 жағдай бойынша клиенттердің салым портфелі 782,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 210,3 млрд теңге – халық салымдары; ол өткен жылда 43 млрд теңгеге немесе 26%-ға ұлғайған.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
 
2016 жылдың 30 қыркүйегінде Standard & Poor’s «Bank RBK» АҚ-ның бизнес-позициясын жоғарылау бағасын «әлсізден» «бірқалыпты» жағына қайта қарастырды. Бұл Банктің банк секторындағы нарықтық позициясының жақсаруын көрсетеді. Өз есебінде S&P келесіні атап өтті: «Қазіргі кезде «Bank RBK»АҚ клиенттің базасын ұлғайтты және мемлекеттік несиелеу бағдарламаларының белсенді қатысушыларының біріне айналды, бұл қазіргі кезеңде Қазақстанның банктік секторындағы несиелеу көлемі өсуінің негізгі факторы болып табылады. Біз Банктің бизнес көлемінің ұлғаюы тұрақты ресурстық базаға қатысты қамтамасыз етілгенін оң бағалаймыз».

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%