Артқа
19.03.2020
Bank RBK коронавирустың таралуынан зардап шеккен өз клиенттеріне қолдау көрсетеді
Bank RBK (бұдан әрі-Банк) коронавирустың өршуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға көмек көрсету қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің (ҚРФР) бастамаларына қолдау білдіреді.
Қазақстан Республикасында қабылданған шаралардың бұрын-соңды болмаған сипатын сезіне отырып, Банк төтенше жағдай кезеңінде қалыптасқанқиын қаржылық жағдайға тап болғанөзінің жеке және заңды тұлғаларының қарыздары бойынша айыппұлдар мен өсімдерді есептеуден бас тарту мүмкіндігін зерделеуде.
Бұдан басқа, Банк төлем мерзімі 90 күннен астам уақытты құрайтын .жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақыныесептеуді тоқтатады.
Сонымен бірге Банк 12 ай ішінде мерзімі өтіп кеткен берешектің 50% - дан астамын өтеген және кейінгі міндеттемелерді орындаған қарыз алушыларға теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігініңберілетіні туралы бастамамен бөліседі.
Банк берешекті өтеу кестесін қайта қарауды қоса есептегенде, шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің міндеттемелерді қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыратын болады.
Қазіргі уақытта банк клиенттерден өтініштерді қабылдап, қарау тәртібін әзірлеп, осы жұмыс аяқталғаннан кейін оның нәтижесін барлық мүдделі тараптарға жеткізетін болады.
"Біз еліміздің басына осындай қолайсыз кезең туып тұрған сәтте клиенттерімізбен серіктестеріміздің жағдайынтолық түсінеміз. Банк қарыз алушыларға көмек көрсету тетігін әзірлейді және олардың өтініштерін жеке тәртіппен қарауға дайын болады. Біз барлығымыз күш - жігерімізді біріктіретін болсақ, қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, тұрақтылыққа, өсіп –өнуге және өрлеуге деген мүмкіндікке тезоралатын боламыз", - деді Банк Басқармасының төрайымы Наталья Акентьева.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%