Артқа
29.08.2016
Bank RBK олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге көлік сыйлады
Олимпияда чемпионы Дмитрий Баландин Bank RBK-дан сыйлыққа Toyota Land Cruiser 200алды. 2016 жылдың 29 тамызында Алматы қаласы әкімдігінде өткен салтанатты рәсімі барысында автокөлік кілті спортшыға ұсынылды. Осылайша 21 жасар Алматылық спортшы жүзуден олимпиада алтынына қол жеткізген Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.
«Өзінің сенсациялық жетістігімен Дмитрий спортта барлығы мүмкін екендігін және қажырлы еңбек пен өзіне деген сенімділік арқасында отандық спортшылар үшін жүзу секілді қол жетімсіз дисциплинада әлем үздігі атануға боларын дәлелдеді. Дмитридің арқасында олимпиадалық бассейнде алғаш рет Қазақстан әнұраны естілді және біз оны шын жүректен құттықтаймыз, оның сөзсіз жеңісі кезінде бойымызды қуаныш пен мақтаныш сезімі биледі», - деді «Bank RBK» АҚ-ның басқарма төрағасы Игорь Мажинов.
***
«Bank RBK» АҚ - теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Банк активтері – 951,4 млрд теңгені, қарыз портфелі – 726,1 млрд теңгені, клиент қаржылары – 722,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 170,2 млрд теңгеге тең.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%