Артқа
09.11.2016

Bank RBK өз брендінің бес жылдығын табысты көрсеткіштерімен тойлауда


Ағымдағы күз мезгілінде «КазИнКомБанк»АҚ атауының «Bank RBK»АҚ атауына (бұдан әрі - Банк) өзгергеніне 5 жыл толды. Бұл кезеңде Банк клиенттерінің ниеттестігін, брендтің танымалдығын арттыру бойынша, сондай-ақ қор базасын әртараптандыру арқылы, активтер мен табысты өсіру арқылы және қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында қайтарымдылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы тәуекелдерді төмендету бойынша қомақты нәтижелерге қол жеткізді.
 
01.10.2011 жылдан бастап (ребрендингтен кейінгі бірінші есепті күн) 01.11.2016 жылға дейінгі аралықта клиенттердің Банктегі шоттарға орналастырылған ақша қаражаты 35 есе өсіп, 793,9 млрд теңгеге жетті. Мұндай динамика алдымен клиенттердің RBK брендіне сенімі және өнімдер мен қызметтер бойынша тиімді шарттардың нәтижесі.
 
Аталған кезеңдегі Банктің несие портфелі 58 есе артып, 751,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Bank RBK-тегі проблемді несиелердің үлесі отандық банк нарығында ең аз көрсеткішке ие: 01.11.2016  жылғы жағдай бойынша Bank RBK портфеліндегі 90 күннен аса мерзімге кешіктірілген несиелер деңгейі небары 3,62%, бұл орташа нарықтың 7,86%1-дан екі есе төмен.
 
Ребрендинг кезінен Банктің өзіндік капиталы 15 есе ұлғайып, 82,5 млрд теңге көрсеткішіне жетті.
 
Өткен 5 жыл мерзімінде Банк активтері 36 есе өсті, абсолюттік мәнінде 1 трлнтеңгеден асып түскен. Актив мөлшері бойынша қазақстандық ЕДБ рейтингінде Bank RBK 16 сатыға жоғарылап, 25-нен орыннан 9-шы орынға бас тіреді.
 
Егер ребрендинг күнінде Банктің қор базасы негізінен клиенттердің қаражатынан құралса, оның ішінде заңды тұлғалардың қаражаты (87%) басым болды десек, онда 01.11.2016 жылы клиенттердің қаражат үлесі 82%-ға төмендеді, мұның бестен бірі – жеке тұлғалардың қаражаты (23%). Банк бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының белсенді қатысушысы: 01.11.2016 жылғы жағдай бойынша экономиканың нақты секторының қаржыландыру үшін жұмылдырылған қаражат көлемі 60,1 млрд теңгені құрады (6,2%-ы Банк міндеттемесінен). Міндеттеменің 10%-ын өзге тұрақты қор көздері құрайды: жұмылдырылған БАН, шығарылған облигациялар және т.б.
 
Бизнес көлемінің артуы тиісінше Банк пайдасының өмініе алып келді. Егер 2011 жылдың қортындысы бойынша Банк 20 млн теңге таза табысқа кенелсе, 2016 жылдың 9 айындағы аталған көрсеткіш 4,7 млрд теңгені құрады.
 
Банктің маңызды басымдылықтарының бірі қаржылық тұрақтылық, ол қайтарымдылықтың жоғары деңгейімен қол жеткізіледі. Негізінен 01.10.2016 жылы Банктің ағымдағы қайтарымдылық көрсеткіші (К4) 0,59 мөлшерінде, бұл ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген 0,3 нормативінен екі есе артық. 01.11.2016 жылғы қолма қол ақшаның көлемі, сонымен қатар банктердің корреспонденттік шоттары мен салымдарында орналастырылған қаражат 92,2 млрд теңгеге тең, ал жоғары қайтарымды бағалы қағаздардың портфелі - 101,8 млрд теңге. Банкте барлығы 200 млрд теңге қайтарымды активтер бар.
 
«Негізі қаланған кезден бастап, аз уақыт ішінде өзінің ерекшелігімен, бірегей стилімен және клиенттермен қатынас құрудың жоғары мәдениеті арқылы Bank RBK қазақстандықтардың көңілінен шығып, назарына ілікті. «Айтылды - орындалды» деген корпоративтік ұранын ұстана отырып, банк қаржы қызметін тұтынушылардың көпшілігінің сеніміне бөленіп, көзайымына айналуда. Bank RBK таңдау арқылы қазақстандықтар, банктің өзіне тән ерекшелігі - қызметтің жоғары сапасына қол жеткізеді. Осылайша біз, банктің жоспарлы түрде алға ұмтылып, нарықтағы салмақты да, маңызды ойыншысына айналғанын айта аламыз» - деп атап өтті «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов.
 
 
***
 
АО «Bank RBK»– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz            
akhremushkin_v@bankrbk.kz    
www.bankrbk.kz
 
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%