Артқа
15.02.2019
Bank RBK Сәтбаевта өз бөлімшесін ашты
«Bank RBK» АҚ (әрі қарай – Банк) 2019 жылғы 15 ақпанда өзінің Сәтбаев қаласындағы (Қарағанды облысы) есеп айырысу-касса бөлімшесінің салтанатты түрде ашылуының болып өткенін хабарлайды. Жаңа кеңсенің ашылуы – банк бизнесі тұрғысынан әлеуетті келешегі бар өңірлерде өзінің қасысуын кезек-кезеңмен кеңейтуді қарастыратын Банктің даму стратегиясымен түсіндіріледі. Банк үшін осындай өңірлердің бірі – Қарағанды облысы болып табылады. Өткен жылы осы жұмыс аясында Банк Жезқазған және Балқаш қалаларында өз бөлімшелерін ашқан болатын, ал енді Банк қызметтері Сәтбаев қаласында да тікелей қолжетімді болып отыр.
Жаңа кеңсе банк бизнесінің барлық бағыттары бойынша белсенді түрде жұмыс істеуге ниеттеніп отыр, бұл ретте клиенттерге – жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да – тиімді, тартымды және заманауи банк өнімдері мен қызметтерін ұсынады – банк шоттары мен салымдарын ашудан бастап, кредиттеу мен жалақы жобаларына дейін.
«Қарағанды облысындағы жұмысымыздың тәжірибесі көрсеткендей, мұнда ыңғайлы және жылдам банк қызметіне деген сұраныс бар. Мұндай жағдайда банктің міндеті – осындай сұранысты сапалық және сандық тұрғыда қанағаттандыру болып табылады. Бүгінгі таңда біз өз қызметтерімізді Сәтбаев тұрғындарына қуана отырып ұсынамыз,ал ақпан айының соңында Жезқазғанда екінші бөлімшемізді ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа заманауи кеңселердің ашылуы өңір тұрғындары үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін арттырады деп үміттенеміз», – деп атап өтті «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасы Наталья Акентьева.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%