Артқа
16.11.2015
Bank RBK елордада жаңа бөлім ашты
2015 жылдың 16 қарашасында Астана қаласында «Bank RBK»АҚ(бұдан әрі– Банк)жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа кеңсе Республика даңғ., 10 мекенжайы бойынша елорданың оң жағалауында – қаланың қолайлы орнында орналасқан. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы194 шаршы метр. Жаңа бөлім жеке және заңды тұлғаларға толық кешенді банктік қызметтер ұсынылатын Банктің әмбебап кеңсесі болып табылады.
Жаңа кеңсенің ашылуы Банктің филиалдық желісін дамыту бойынша басым тапсырмаларды жүзеге асырудың бір кезеңі. Жаңа бөлімнің клиенттеріне Банктің өнімдік тізбесі аясында жылдам және сапалы қызмет көрсетуге кепіл беріледі, сонымен қатар Банктің мамандандырылған қызметкерлерінен барлық қаржы сұрақтары бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар.
«Астана қаласының тұрғындарына және қонақтарына біздің банктің кезекті кеңсесінің қызметтерін қолдануға мүмкіндік ұсынуға қуаныштымыз. Еліміздің бас қаласында қызмет ету бизнестен нысаны, әрі мазмұны бойынша жоғары жауапкершілікті талап етеді, сол себепті астанада жаңа бөлімнің ашылуына біз ерекше ептілікпен кірістік. Қызмет арнасының кеңейтілуі арқасында банк өз тиімділігін арттыруына, сондай-ақ біздің қызметіміздің деңгейіне және мүмкіншілігіне клиенттердің көңіл толуына сенімдіміз», - деп атап өтті Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы Игорь Мажинов.
***
«Bank RBK» АҚ- теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылыған көрсетуде.
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Оң» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB» рейтингін берді.
2015 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері – 844,4 млрд теңгені, қарыз портфелі – 581,2 млрд теңгені, клиент қаржылары – 614,6 млрд теңгені, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 140,1 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың қаңтар-қазан айларындағы пайдасы 3,8 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішінен 1,6 есежоғары.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Атырау, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%