Артқа
01.10.2013
Bank RBK Өскеменде филиалын ашты
«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) 2013 жылғы 1 қазаннан бастап Банктің Өскемен қаласындағы Филиалы өз жұмысын бастады деп хабарлайды.
Филиалдың Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталығында ашылуы республикамыздың іскерлік белсенді орталықтары болып табылатын өңірлерінде қаржы институтының қатысуын кезең-кезеңімен кеңейтуді қарастыратын Банктің даму стратегиясынан туындаған.
Банктің Өскемендегі Филиалы клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға банктік шоттар, салымдар ашудан бастап несие беруге дейінгі тиімді, тартымды, заманауи банктік өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, бизнестің барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс атқаруға ниетті.
«Шығыс Қазақстан облысы – қазіргі уақытта Қазақстанның болашағы бар өңірлерінің бірі, қазіргі заманғы Өскемен – еліміздің түсті металлургия орталығы. Мұнда Bank RBK филиалының болуы – біз үшін стратегиялық маңызды, өйткені бұл Банкке клиенттеріне жақын болуға мүмкіндік береді. Біз серіктестеріміз, клиенттеріміз Банк ұсынатын қаржы өнімдері мен қызметтерінің жоғары деңгейіне лайықты бағасын береді деп сенеміз», – деп атап өтті «Bank RBK» АҚ басқарушы директоры Ирина Степанова.
Өскеменнен басқа Банктің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент және Екібастұз қалаларында кеңселері бар.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштері бар қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің капиталы жеткілікті, жоғары класты активтер мен пассивтер портфельдеріне ие, провизиялар мөлшері барабар, ұзақ уақыт бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard & Poor’s» халықаралық агенттігі Банкке контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингісін (болжам – «Тұрақты») берді.
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Банк активтері – 172,9 млрд. теңге, несие портфелі – 112,7 млрд. теңге, клиенттердің қаражаты – 142,0 млрд. теңге, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 26,7 млрд. теңге. 2013 жылғы өткен 8 ай ішінде Банк алған табыс 838,7 млн. теңге құрады, бұл 2012 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 473% көп.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%