Артқа
06.06.2013

Bank RBK 2012 жылғы қаржы нәтижелерін жариялайды


2013 жылғы 30 мамырда «Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) акционерлерінің жалпы жиналысы халықаралық стандарттар бойынша әзірленген 2012 жылғы аудиттелген қаржы есептілігін бекітті.
 
Негізгі қаржы көрсеткіштері
  • Активтері – 88,7 млрд. теңге
  • Клиенттерге берілген кредиттер мен аванстар (брутто) – 67,3 млрд. теңге
  • Клиенттердің қаражаты – 73,0 млрд. теңге
  • Капитал – 15,4 млрд. теңге
  • Табыс – 400,6 млн. теңге
 
Активтер
Қабылданған табысты стратегиясының арқасында Банк активтері 2012 есеп жылында 128% немесе 49,8млрд. теңгеге –  88,7 млрд. теңгеге дейін артты, бұл Банкке нарық позицияларын күшейтуге мүмкіндік берді, жекелеп алғанда, бір жыл ішінде активтер бойынша ЕДБ рейтингінде 5 жолға (25-ден 20-ға) көтерілді.
 
Бизнестің белсенді өсуін назарға ала отырып, жекелеп алғанда клиенттердің қаражат ағыны есебінен Банк өтімді активтердің қомақты деңгейін қолдайды. Осылайша, есеп күні ақша қаражаты мен баламасының көлемі өтімді бағалы қағаздар портфелімен қоса 20,9 млрд. теңгеге жетті, бұл Банк активтер көлемінің 24% құрады. Өз кезегінде, Банк өтімділік деңгейінің пруденциалдық көрсеткішін (k4) екі есе беріктілік қорымен орындайды: кем дегенде 30% нормативте k4 71,1% құрады.
 
Банк экономикаға берген кредиттер көлемі (брутто) 2012 жыл соңында 67,3 млрд. теңге құрады, бір жыл ішінде 320%, немесе 51,3 млрд. теңгеге артты. Кредит берудің белсенді өсуіне несиелер бойынша ықтимал шығыстарға провизиялау көлемін барабар ұлғайту арқылы қолдау көрсетіледі. Осылайша есеп күні провизиялар көлемі 2 млрд. теңге құрады, бұл кредиттік портфельдің 3% деңгейіне сәйкес келеді. Бұл орайда, төлеу мерзімі 30-дан көп күнге кешіктірілген кредиттер үлесі 1,6% құрады, яғни провизиялармен екі есе жабылды.
 
Міндеттемелер
Есеп күні Банк міндеттемелері 73,3 млрд. теңге құрады, бір жыл ішінде 119,4%, немесе 39,9 млрд. теңгеге ұлғайды. Жоғары сападағы қызмет, салымдар бойынша бәсекелік шарттар, сондай-ақ белсенді жарнама кампаниясы клиенттердің қаражат көлемін 39,9 млрд.теңгеге – 73,0 млрд. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жекелеп алғанда, жеке тұлғалардың бір жылғы қаражат көлемі 2,7 есе – 16,6 млрд. теңгеге дейін артты.
 
Капитал
Қаржы мекемесінің экономикалық тұрақтылығын қолдау мақсатында 2012 жылы Банк акционерлері акционерлік капиталды 5 млрд. теңгеден 14,5 млрд. теңгеге дейін үш есе ұлғайту туралы шешім қабылдады. 9,5 млрд. теңге мөлшеріндегі капиталдандыру 5 млрд. теңге сомаға жай акцияларды орналастыру есебінен және 4,5 млрд. теңге сомаға артықшылықты акцияларды дебюттік шығару есебінен жүзеге асырылды. Банк капитал жеткіліктілігінің пруденциалдық  коэффициенттерін келесілерден аспайтын деңгейде қолдайды:
  • K1-1 – 16,6% (норматив – кем дегенде 6%)
  • K1-2 – 17,3% (норматив – кем дегенде 6%)
  • K2 – 18,0% (норматив – кем дегенде 12%)
 
Кірістер мен шығындар
Бизнес көлемінің өсуі Банктің кірістер мен шығындарының барлық баптары бойынша ұлғаюымен шартталған. Таза пайыздық кіріс жыл қорытындылары бойынша 4 еседен көпке артып, 4,1 млрд. теңге құрады. Таза пайыздық кіріс 275% –  1,2 млрд. теңгеге дейін артты. Әкімшілік және басқа операциялық шығындар 2,5 есе артып, 3,1 млрд. теңге құрады. Шығындарды басқару тиімділігінің көрсеткіші (Costtoincome) 57% деңгейінде қалыптасты. Есеп кезеңінде Банк алған табыс 400,6 млн. теңге құрады. Орта капиталға кірістілік (ROE) 3,8% деңгейінде қалыптасты.
 
Кредиттік рейтинг
2013 жылғы 30 мамырда «Standard&Poor’s (S&P)» рейтинг агенттігі Банктің кредиттік рейтингін «B-/Тұрақты/С» деңгейінде растады. «Тұрақты» деген болжам Банк жақын 12-24 айда бизнестің жылдам өсуі кезеңінде қорландыру, өтімділік, капиталдандыру барабар көрсеткіштерін қолдайды деген рейтинг агенттігінің пікірін көрсетеді. S&P оң рейтинг факторларының ішінде барабар капиталдандыру көрсеткіштерін, салыстырылған банктерге қарағанда активтерінің сапа көрсеткіштерінің жоғары болуын атады. S&P ойынша, теріс факторларға банк секторындағы бір қалыпты бәсекелік позиция және уақытпен тексерілмеген өсу стратегиясы; кредиттік портфельдің жылдам өсуін басқарумен байланысты тәуекелдер; қорландыру базасы мен кредиттік портфельдің қомақты концентрациясы жатады.
 
«Өткен жылы Bank RBK қол жеткізген қаржы нәтижелерінің талдауы Банк жүзеге асыратын даму стратегиясының тиімділігін растайды. Бизнестің белсенді өсуіне капиталдың барабар ұлғаюы арқылы қолдау көрсетіледі, кредит берудің өсуі ең консервативтік бағалар негізінде провизиялар құрумен қатар жүзеге асырылады. Нәтижесінде, капиталдандыру мен өтімділіктің нормативтен жоғары деңгейі болашақта Банктің табысты өсуінің кепілі болып табылады», - деп мәлімдеді «Bank RBK» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Анвар Сайденов.
 
 
***
«Bank RBK» АҚ  – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банктің жеткілікті капиталы, жоғары класты актив және пассив портфельдері, барабар провизия мөлшері бар, ұзақ кезең бойы тұрақты табыстылығын көрсетіп келеді. «Standard&Poor’s» халықаралық агенттігі Банкке контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді (болжам – «Тұрақты»).
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%