Артқа
31.05.2017

Bank RBK және Qazaq Banki бірігу туралы меморандум жасасты

«Bank RBK» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ қос қаржы институты бірігуінің дайындығына байланысты келіссөздер процессін аяқтады және бүгін банк басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Гани Токсанбаев бірігудің бастамасы болып табылатын құжат - өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
 
Меморандум бірігудің қаржылық моделін жобалайды, ол іріленген банктің елдің бес ірі қаржы институты қатарына кіруді болжайды. Одан бөлек аталған құжат мәміле тараптарының бастан өткеретін негізгі кезеңдерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын бұл процесстің барлық қатысушыларының рольдерін белгілейді.
 
Бірігу процессі барысында банктер «үлкен төрттікке» кіретін әлемнің жетекші компанияларының бірінен тәуелсіз аудиторлық тексерістен өтуді құжат көздейді.
 
Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істейтін болады. Кезеңді бірігудің сценариі жаңа құрылымның ірі қатысушысы Владимир Ким боларын болжайды, ол банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін ҚР Ұлттық Банкіне құжаттар өткізді.
 
Қос банктің басшылары алдағы мәміле болашақта біріккен құрылым қызметі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк секторы мен экономикасына айтарлықтай жағымды әсер тигізетініне сенімді. Банктердің бірігуі арқылы қол жеткізілетін синергетикалық эффектісі елдің банк нарығындағы жағдайын айтарлықтай нығайтуға, шығынды азайтуға және мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі - экономиканың нақты секторын қаржыландыру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
 
««Bank RBK» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ акционерлерінің шешімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауына толықтай үндес екені сөзсіз, ол 2017 жылдың 11 сәуірінде тек ірі қаржы институттары ғана ел экономикасын дамытуға тиімді әсер етуі мүмкін деп мәлімдеген болатын. Біріккен банктердің капиталының айырбасталуы, акционерлердің және Ұлттық Банктің қолдауы жаңа құрылымды ел банктерінің ең ірі бестігіне енгізетіні анық, ол бизнес үшін бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды», - деп «Bank RBK» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар Кеңесінің Мүшесі Игорь Мажинов қол қойылған құжатқа түсініктеме берді.
 
 
«Өзгермелі экономикалық жағдаят банк нарығының қызметіне түзетулер енгізуде. Бүгінгі кезеңде, акционерлердің шешіміне сәйкес біздің банктердің бірігуінің нақ осы форматы банктер үшін, сондай-ақ ел экономкасына максималды тиімділігін алып келеді, бұл біздің клиенттеріміз үшін маңызды. Бүгінгі меморандумға қол қою арқылы бастау алған процесс барлық тараптар үшін табыс әкелетін мәміленің мысалы боларына сенімдемін», - деп атап өтті «Qazaq Banki» АҚ Басқарма Төрағасы Гани Токсанбаев.
 
 
***
 
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылығын көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/В» несие рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzB+» рейтингін берді.
 
2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері 945,9 млрд теңгені, несиелік портфель – 747,6 млрд теңгені, клиент қаражаты – 674,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 186 млрд теңге. Есепті күнге банктің өзіндік капиталы 94,9 млрд теңгені, жарғылық капиталы - 64,4 млрд теңгені құрады. Банктің 2017 жылғы 4 айдағы табысы 2,9 млрд. теңгеден асты.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
***
 
«Qazaq Banki» АҚнарықта ең серпінді дамып жатқан банктердің бірі. 2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері 427 млрд теңгені құрады,оның ішінде несиелік портфель – 329 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер - 387 млрд теңге. Банктің өзіндік капиталы 40 млрд теңгені құрайды, оның ішінде жарғылық капиталы - 33 млрд теңге. 2017 жылдың 4 айы үшін каржылық нәтиже 602 млн теңге мөлшерінде.
 
Банктің филиалдық желісі Астана, Ақтобе, Алматы, Атырау, Қараганды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында ұсынылған.
 
 
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%