Bank RBK сауықтыру бағдарламасы шеңберінде алынған қаражаттың кезекті бөлігін мерзімінен бұрын төледі
BANK RBK САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ АЛЫНҒАН ҚАРАЖАТТЫҢ КЕЗЕКТІ БӨЛІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТӨЛЕДІ
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде алынған қаражатты 16,6 млрд теңге сомасында ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғанын хабарлайды.
Тиісті шешімді бұрын Банк акционерлері 2023 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша қабылдаған болатын.
Банк 2017-2018 жылдары аталған Бағдарлама шеңберінде өтеу мерзімі 2032 жылғы қарашада басталатын реттелген облигацияларды шығару және орналастыру арқылы қаражат тартты.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша Банк 13 млрд теңгеге жуық мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтарған болатын.
Барлығы, мемлекеттік көмекті қайтарудың кезекті кезеңінен кейін Банк 29,6 млрд теңге соманы мерзімінен бұрын өтеді.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Банк мемлекеттен алынған қаражат бойынша 58,8 млрд теңге көлемінде купондық сыйақы төледі.
Осы қаражат қайтарылғаннан кейін Банк ірі корпоративтік клиенттердің, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және бөлшек клиенттердің жобаларын қаржыландыру бойынша белсенді кредиттік қызметті жалғастыруда.
****
Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Семей, Екібастұз және Ақсай қалаларында ұсынылған.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында Bank RBK корпоративтік несие портфелі бойынша 8–орынды, капиталы бойынша 8–орынды және активтері бойынша 10-орынды иеленді.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 2 079 млрд теңгені, бір жылдағы өсімі 12,8%-ды құрады, кредиттік портфель - бір жылда 37,9% өсіммен 1 259 млрд теңгені құрады.
Бір жыл бұрын ұқсас кезеңде алынған 30,2 млрд теңгеге қарағанда, Банктің 2024 жылғы 7 айдағы пайдасы 34 млрд теңгені құрады.
БАҚ үшін байланыстар:
«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518, 1548