Артқа
24.07.2012
«Bank RBK» АҚ 2012 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысын шығарды
«Bank RBK» АҚ өзінің корпоративтік сайтында 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығы үшін ХҚЕС бойынша аудиттелмеген есептілігін жариялады. Есепті кезеңнің ішінде банктің барлық маңызды қаржылық көрсеткіштері бойынша елеулі өсу байқалды. Атап айтқанда, банктің активтері 2012 жылдың 1 шілдесінде 71 888 млн. теңгені құрады, мұның өзі жыл басындағымен салыстырғанда 85%-ға немесе 33 018 млн. теңгеге көп. Есепті күнге кредиттік портфель 46 232 млн. теңгеге жетті. Өтімдік активтердің көлемі - 20 658 млн. теңге немесе банк активтерінің 29% құрайды.
Бірінші жартыжылдықтың ішінде банктің міндеттемелері 85%-ға, 61 702 млн. теңгеге дейін өсті. Міндеттемелердің ұлғаюына ықпал еткен негізгі бап – клиенттердің қаражаттары, олар есепті күнге 58 846 млн. теңгеге жетті. Клиенттердің қаражаттарының көлемінің 2012 жылдың басымен салыстырғанда өсуі 78% құрады.
Банктің жарғылық капиталы 9 500 млн. теңгеге жетті (90%-ға өсті). Банктің өзіндік капиталы тиісінше - 10 187 млн. теңге (86%-ға өсті). Есепті күнге резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық табыс 1 316 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кредиттеуден пайыздық табыстардың өсуі есебінен 4 есеге ұлғайды.
Таза пайыздық емес табыс 2011 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4 есе өсті және 418 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының ішінде банк 94,7 млн. теңге сомасында пайда алды, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%