Артқа
31.05.2012
«Bank RBK» АҚ 2012 жылдың І тоқсанындағы қызметінің қорытындысын шығарды
«Bank RBK» АҚ ХҚЕС бойынша 2012 жылдың 1-ші тоқсанының аудиттелмеген есептілігін жариялады. Есепті кезеңнің ішінде банктің барлық өзекті қаржылық көрсеткіштері бойынша елеулі өсу белгіленді. Атап айтқанда, банктің активтері 2012 жылдың 1 сәуірінде 65 721 млн. теңгені құрады, ол 2012 жылдың басымен салыстырғанда 69%-ға немесе 26 850 млн. теңгеге көп. Есепті күнге кредиттік портфель 91%-ға ұлғайып, 30 286 млн. теңгені құрады. Өтімді активтердің үлесі банк активтерінің 41%-ын құрайды.
Банктің міндеттемелері бірінші тоқсанның ішінде 67%-ға - 55 630 млн. теңгеге дейін өсті. Міндеттемелердің ұлғаюына әсер еткен негізгі бап – бұл клиенттердің қаражаттары, олар есепті күнге 52 691 млн. теңгені құрады. Клиенттердің қаражаттарының 2012 жылдың басымен салыстырғанда ұлғаюы 59% немесе 19 583 млн. теңгені құрады.
4 500 млн. теңге сомаға артықшылықты акцияларды орналастырудың есебінен банктің жарғылық капиталы 2012 жылдың басынан бері 90%-ға өсті және 9 500 млн. теңгеге жетті. Банктің меншікті капиталы 10 091 млн. теңгені құрап, 85%-ға ұлғайды.
Есепті күнге резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық табыс 457 млн. теңгені құрады. 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 3,9 есе болды және кредиттеутен түсетін пайыздық табыстардың ұлғаюы есебінен болды.
2011 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда таза пайыздық емес табыс 3 есе өсті және 130 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың 1-тоқсанының ішінде банк 33,5 млн. теңге сомасында салық салудан кейінгі таза пайданы алды, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,5 есеге көп.
*****
«Bank RBK» АҚ – дамудың теңдестірілген көрсеткіштеріне иелік ететін әмбебап банк институты. Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі банкке контрагенттің «В-/С» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін тағайындады. Рейтингі өзгерістеріне болжам – «Тұрақты». 2012 жылдың мамырында Standard&Poor’s (S&P) «Bank RBK» АҚ кредиттік рейтингтерін растады.
«Тұрақты» болжамы рейтинг агенттігінің «Bank RBK» АҚ таяу 12 айдың ішінде капиталдандыру және өтімділіктің барабар көрсеткіштерін ұстап тұратыны туралы пікірін көрсетеді. Жағымды рейтингтік факторлардың ішінде рейтинг агенттігі Банктің өтімді активтерінің елеулі өсуін және қаржы институтының басты қорлану көзі болып табылатын клиенттердің депозиттерінің айқын өсуін атап өтті (Standard&Poor’s(S&P) халықаралық рейтинг агенттігінің толық есебімен мына адрестегі агенттіктің сайтынан таныса аласыздар: https://www.standardandpoors.com/home/ru/ru).
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%