Артқа
28.02.2014
“BANK RBK” АҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ПАЦИЕНТТЕРІНЕ РЕАНИМОБИЛЬ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Өмір заңдылығы бойынша әр адам өмірінде ертелі-кеш жақындарынан айырылады. Ал егер жақын адамыңыз қатерлі ісік сияқты сұм дерттен жасы жетпей көз жұмып жатса, жан жарасы тіптен ауыр болары анық. Қайткенмен де, адамды жазып емдемесе де, оған жәрдем беріп, демеуге болады. Бұл мақсатта онкологиялық дертке душар болған пациенттің өмірінің соңғы айналарын, апталарын, күндерін жеңілдету үшін паллиативті жәрдемнің көшпелі қызметі жұмыс істейді.
Бүгін Bank RBK мобильді бригаданы медициналық арнаудағы заманауи жаңа автокөлікпен жарақтап, мұндай жобаның іске асырылуына өз үлесін қосты.
«Біз демеу көрсету туралы сұранысымызды бірден қабыл алып, жәрдем берген Bank RBK басшылығына зор алғысымызды айтамыз. Жасалған жақсылық қайтіп оралады. Біз шын жүректен банкке көптеген қайырымдылық жобаларға қатысып, көмекке зәру жандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін табыс тілеп, өркендеп-дами берсін дегіміз келеді. », - деді Алматы қ. онкология орталығының бас дәрігері Диляра Қайдарова.
«Қазіргі таңда Алматы қаласында диспансерлік есепте 18 мыңға жуық онкологиялық пациент тұр. Олардың 5-7% - созылмалы аурудан қасірет шегіп жатқан, үдеп жатқан дерттің физикалық және психологиялық ауыр салдарын бастан кешіріп жатқан, қатерлі ісіктің төртінші сатысындағы ауыр халдегі науқастар. Науқастардың басым көпшілігі әртүрлі себептерге байланысты хосписте немесе басқа да бір медициналық мекемеде қарала алмайды немесе қаралғысы келмейді. Міне, сол кезде көмекке паллиативті жәрдем көрсететін мамандардың көшпелі бригадасы келеді. Құрамы дәрігерден, медбикеден, психологтан, әлеуметтік жұмыскерден, сондай-ақ пациенттің қалауымен волонтер мен рухани тұлғадан құралатын мұндай мобильді бригаданың міндеті – ауырсынуды және аурудың басқа да ауыр белгілерін басу, пациентке және оның отбасына психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету, науқастың жақындарына төсек тартып жатқан адамға қалай күтім жасау керектігін үйрету», - дейді жоба жетекшісі, «Қатерлі ісікпен күресейік» қорының атқарушы директоры Гүлнәр Кунирова.
Онкологиялық науқастарға жәрдем көрсететін мобильді бригада құру жобасы «Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қорының және Алматы қ. онкология орталығының көмегімен және Сорос-Қазақстан Қорының гранты, бей-жай қараймайтын адамдардың қайырымдылықтары арқасында, сондай-ақ Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаментінің, Алматы қаласының паллиативті жәрдем орталығының және басқа да көптеген ұйымдар мен тұлғалардың қолдауымен іске асырылуда.
Байланыс ақпараты: oncologykz@gmail.com, 8-701-999-0014
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%