Артқа
22.05.2012

«Bank RBK» АҚ 2011 жыл үшін қаржы нәтижелерін жариялайды


2012 жылдың 17 мамырында «Bank RBK» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтті, мұнда халықаралық  стандарттар бойынша дайындалған 2011 жыл үшін аудиттелген қаржы есептілігі бекітілді.

Есепті кезеңнің ішінде банктің активтері 6,7 есе (33 040 млн. теңгеге) өсті және 38 871 млн. теңгені құрады. Активтердің өсуі кредиттік портфельдің 5,6 есе (13 008 млн. теңге) 15 863 млн. теңгеге дейін өсуі есебінен болды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлесі 2011 жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда 41 есе ұлғайып, кредиттік портфельдің 21,7% құрады.

Есепті кезеңде ақша қаражаттары және олардың саламалары 3,4 есеге өсті және 6 519 млн. теңгені құрады. Банктің міндеттемелері 31 330 млн. теңгеге өсті және 2011 жылдың соңында 33 402 млн. теңгені құрады. Міндеттемелердің ұлғаюына әсер еткен негізгі бап – клиенттердің қаражаттары, олар есепті күні 33 108 млн. теңгеге немесе банктің барлық міндеттемелерінің 99%-на жетті. 2011 жылы жарғылық капитал 1,5 есеге - 5,5 миллиард теңгеге дейін өсті.

2011 жылы банк заңды және жеке тұлғалардың қатарынан клиенттер тартуға күш-жігерін жұмылдырып, ҚР ішкі нарығында қорландыру көздерін тарту жөніндегі жұмысты күшейтті. Соның нәтижесінде клиенттердің қаражаттарының негізгі бөлігі заңды тұлғалардың салымдарына келді  (жалпы көлемнің 81%). Жеке тұлғалардың қаражаттары 6 199 млн. теңгені немесе Банктің жалпы депозиттік портфелінің 19% құрайды.

Есепті күнге резервтерді қалыптастыруға дейін таза пайыздық табыс 1 012 млн. теңгені құрады. 3,4 есеге өсу кредиттеуден пайыздық табыстардың ұлғаюы есебінен болды. Таза пайыздық емес табыс 2010 жылдың басындағымен салыстырғанда 250 млн. теңгеге өсті және 316 млн. теңгені құрады.

Салық салудан кейінгі таза пайда 2011 жылдың 31 желтоқсанында 20 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 53%-ға төмен. Таза пайданың төмендеуі бизнестің кеңейтілуімен, филиалдар мен жаңа сату орындарын ашумен және осылардың салдарынан үстеме шығыстардың өсуімен байланысты болды.

                                                            ***
«Bank RBK» АҚ – дамудың теңдестірілген көрсеткіштеріне иелік ететін әмбебап банк институты.  2012 жылғы 14 мамырда Standard&Poor’s(S&P) халықаралық рейтинг агенттігі «Bank RBK» АҚ кредиттік рейтингін B-/Тұрақты/С деңгейінде растады.
«Тұрақты» болжамы рейтинг агенттігінің «Bank RBK» АҚ таяу 12 айдың ішінде капиталдандыру және өтімділіктің барабар көрсеткіштерін ұстап тұратыны туралы пікірін көрсетеді. Жағымды рейтингтік факторлардың ішінде рейтинг агенттігі Банктің өтімді активтерінің елеулі өсуін және қаржы институтының басты қорлану көзі болып табылатын клиенттердің депозиттерінің айқын өсуін атап өтті (Standard&Poor’s(S&P) халықаралық рейтинг агенттігінің толық есебімен мына адрестегі агенттіктің сайтынан таныса аласыздар: https://www.standardandpoors.com/home/ru/ru).

 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%