Артқа
07.12.2017

Акция «Жаңа 2018 жылға қарызсыз»

Құрметті клиенттер – «Bank RBK» АҚ қарыз алушылары! 
 
Банктің «Жаңа 2018 жылға қарызсыз» акциясын жүргізетінін хабарлауға қуаныштымыз.
 
Соңғы күнін қоса алғанда 04.12.2017 жылдан бастап 28.02.2018 жалға дейінгі уақыт аралығында несие бойынша барлық мерзімі кешіктірілген берешекті бірден толық өтеген жағдайда (негізгі борыш және сыйақы бойынша) Банк сізге есептелген тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) 100% мөлшерде жояды.
 
Акцияның міндетті шарты - несие бойынша барлық мерзімі кешіктірілген берешекті өтеу кезінде  есептелген тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) 100% мөлшерде жоюға қарызгердің жазбаша өтініші болуы керек.
 
Акция Банкте несие бойынша барлық мерзімі кешіктірілген берешегі бар немесе акция мерзімі ішінде мерзімін кешіктірген кез келген жеке және заңды тұлғаға қолданылады.
 
Тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) жою туралы өтінішті қарастырғаны үшін Банк комиссиясы алынбайды.
 
Қарызгер бұрын төлеген тұрақсыздық айыбы (өсімақысы) жойылмайды/қайтарылмайды.
 
Толығырақ ақпарат алу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне немесе біздің Байланыс орталығына хабарласуыңызға болады.
 
Сіздің Bank RBK
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%