Артқа
22.05.2017

Bank RBK және Qazaq Banki акционерлері бірігу туралы келісімге келді


 
 
«Bank RBK» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ қос қаржы институтының бірігуі туралы келіссөздер жүргізуде. Таяу уақытта банктер арасында өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қою күтілуде, ол өз кезегінде бірігудің бастамасы болып табылады. Меморандумның негізгі қағидалары ҚР Ұлттық Банкімен келісілген.
 
Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істейтін болады. Кезеңді бірігудің жол картасы жаңа құрылымның басшысы Владимир Ким боларын болжайды.
 
Бірігу туралы шешім акционерлердің өзгермелі экономикалық жағдаятында жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қолдануды қалауымен қабылданған. Банктердің бірігуі синергетикалық нәтижеге алып келеді деп күтілуде, бұл бір жағынан, шығынды азайту арқылы бизнестің табыстылығын жоғарылатады, ал екінші жағынан, масштабты жобаларды несиелеу бойынша банктің мүмкіндігін кеңейтеді. 2017 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші деңгейлі банктер мен ҚР Ұлттық Банкіне айтылған нұсқауы «Bank RBK» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ акционерлерінің таңдаған шешімін одан әрі нығайтты. Бірігу процесі ҚР Ұлттық Банкімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.
 
«Берік орта буындағы банктердің капиталын шоғырландыру арқылы банк секторындағы ойыншылардың іріленуі ел экономикасын дамытуға түрткі болатын, пәрменді банк секторын құру мақсатындағы орынды, әрі дұрыс шешім. Дәл сол себепті Bank RBK және Qazaq Banki Ұлттық Банк тарапынан түсіністік пен қолдауға ие болып отыр», - деп «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасы Игорь Мажинов акцонерлердің шешімін түсіндірді.
 
 
***
 
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылығын көрсетуде.
 
Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілік Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzB+» рейтингін берді.
 
 
2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері 945,9 млрд теңгені, несиелік портфель – 747,6 млрд теңгені, клиент қаражаты – 674,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 186 млрд теңге.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
***
 
«Qazaq Banki» АҚнарықта ең серпінді дамып жатқан банктердің бірі. 2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері 427 млрд теңгені құрады,оның ішінде несиелік портфель – 329 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер - 387 млрд теңге. Банктің өзіндік капиталы 40 млрд теңгені құрайды, оның ішінде жарғылық капиталы - 33 млрд теңге. 2017 жылдың 4 айы үшін каржылық нәтиже 602 млн теңге мөлшерінде.
 
Банктің филиалдық желісі Астана, Ақтобе, Алматы, Атырау, Қараганда, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында ұсынылған.
 
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518

shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%