Артқа
07.11.2012

«Bank RBK» АҚ жарғылық капиталын 14.5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты


«Bank RBK» АҚ 5 млрд. теңгеге жай акцияларын оранластыру арқасында жарғылық капиталын 14.5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтқаны туралы хабарлайды. Капиталдың ұлғаюы банктің шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру көлемдері бойынша ағымдағы жылға қойған міндеттерін орындауына мүмкіндік береді.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында баланстық көрсеткіштердің екі есеге жуық өсуі (активтер 84% өсті) мен қаржы институтының нарықтық ұстанымындағы болған өзгерістерге байланысты акционерлер капиталды 5 млрд. теңгеге өсіруі туралы банк бұрында хабар еткен. Сонымен қатар осы жылдың екінші жартысынан «Bank RBK» АҚ акционерлері банктің дамуының бәсең-консервативті үлгісіне көшуі жөніндегі шешім қабылдады. Бұл орта және ұзақ мерзімді келешекте теңдестірілген өсуді жүзеге асыруға және әлемдік қаржылық және шикізат нарықтарындағы мүмкін ауытқуларға банктің тұрақтылығын көтеруге мүмкіндік береді.
2012 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 80.9  млрд. теңгені құрап, ағымдағы жылдың басынан бері 108%-ға өсті. Несиелік портфель – 56.8 млрд. теңге, немесе есепті кезеңнің басындағыға қарағанда 262%-ға көп. Өзіндік капиталы – 15.2 млрд. теңгені құрады.

Сіздің Bank RBK

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%