«Bank RBK» АҚ акционерлеріне
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
Х А Б А Р Л А М А
«Bank RBK» банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) Басқармасы, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы көшесі, 15-үй мекенжайында өзінің орналасқан жері бар Банктің атқарушы органы ретінде Банк акционерлеріне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Банк Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған акционерлердің күндізгі Кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.
Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс): 2025 жылғы 28 қазанда, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы көшесі, 15-үй мекенжайы бойынша өтеді.
Жиналыстың Күн тәртібі:
1. «Bank RBK» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығындарды өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
3. «Bank RBK» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы.
4. «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-мен 2025 жылғы 25 қыркүйекте жасалды.
Егер Жиналысқа қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін, осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығаруды жүргізген жағдайда, Жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Жиналыстың Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Банктің атқарушы органының орналасқан жері бойынша 2025 жылғы 17 қазаннан бастап танысу үшін қолжетімді болады.
Анықтама телефоны: (727) 330 90 30, ішкі 1042, ф. (727) 292-01-44.
Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39-52-баптарына және Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің өзге де нормаларына сәйкес өткізіледі.
Жиналыс ашылғанға дейін 2025 жылғы 28 қазанда, сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін Жиналыс өтетін жерде келген акционерлерді тіркеу жүргізіледі. Акционердің/ Акционер өкілінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және жиналысқа қатысуға және дауыс беруге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаты (Жиналыста акционердің мүддесіне өкілдік еткен жағдайда) болуы қажет. Тіркеуден өтпеген Акционер (Акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыс 2025 жылғы 29 қазанда Астана қаласы бойынша сағат 11:00-де сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайталама Жиналыс ашылғанға дейін қатысушыларды тіркеу 2025 жылғы 29 қазанда Жиналыс өткізілетін орын бойынша сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабардар етілген және жиналыстың ашылу уақытының өзгеруіне қарсы емес жағдайларды қоспағанда, Акционерлердің жалпы жиналысын бұрын жарияланған уақытқа дейін ашу мүмкін емес.
Жиналыс жиналыстың төрағасы (Төралқасы) мен хатшысын сайлауды жүргізеді және дауыс беру нысанын анықтайды. Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын (Төралқасын) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әр акционердің бір дауысы болады, ал шешім қатысқандар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналысқа қатысқан барлық акционерлер Банктің атқарушы органына кіретін жағдайларды қоспағанда, Банктің атқарушы органының мүшелері акционерлердің жалпы жиналысына төрағалық ете алмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібі мәселесін талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөйлеуіне, мұндай сөйлеулер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соқтыратын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі жасауға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы өз жұмысындағы үзіліс туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.