Артқа
26.03.2018
«Bank RBK» АҚ акционерлеріне
«Bank RBK» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтуі туралы
Х А Б А Р Л А М А
Х А Б А Р Л А М А
«Bank RBK» Банкі» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) Басқармасы, Банктің Атқарушы органы ретінде өзінің орналасқан орнымен: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 84 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 37 бабына сәйкес Банк Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің қатысу тартуымен Кезектен тыс жалпы жиналысының өтуі туралы Банк Акционерлеріне хабарлайды.
Банк Акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі - Жиналыс) 2018 жылдың 26 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы 15 мекенжайы бойынша өтеді.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. «Bank RBK» акционерлерінің АҚ кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. Алдыңғы жасаған ірі мәміленің шарттарына өзгеріс енгізуге қатысты 26.01.2018 ж.«Bank RBK» АҚ акционерлерінің алдыңғы кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімді жою туралы.
3. «Bank RBK» АҚ алдыңғы жасаған ірі мәміленің шарттарына өзгеріс енгізу туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2018 жылдың 21 науызының Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-де, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ құрылған.
Жиналысқа қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін құрғаннан кейін, бұл тізімге кірген тұлға өзінің иелігіндегі қоғамның дауыс беру акцияларына иесіздендіру жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл орайда, акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттары болуы қажет.
Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен таныстыру үшін 2018 жылдың 16 сәуірден Атқарушы органның орналасу орны бойынша қолжетімді болады.
Анықтама телефондары: (727) 330 90 30, ф.(727) 292-01-44.
Жиналыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-37, 39-52 баптары мен акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілердің өзге нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Жиналыс ашылғанға дейін, 2018 жылдың 26 сәуірде сағат 10:00-ден бастап 10:50-ге дейін Жиналыс өткізу орны бойынша келген акционерлердің тіркеуі өтеді. Өзінде жеке басын растайтын құжат және акционерлер өкілдерінің өкілеттігін растайтын сенімхат (жиналыста акционер мүддесін өкілдік ету кезінде) болуы қажет. Тіркеуден өтпеген акционер (акционер өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайта Жиналысы 2018 жылдың 27 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-де сол мекенжай бойынша өтеді. Қайта Жиналыс қатысушыларының тіркеуі жиналыс өту орнында 2018 жылдың 27 сәуірде сағат 10:00-ден до 10:50-ге дейін жүргізіледі.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%