Артқа
25.05.2017

Standard & Poor’s агенттілігі Bank RBK рейтингтері бойынша жаңа есеп шығарды

«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтингтік агенттілігі Банктің қысқа мерзімді несие рейтингін «C» деңгейінен «B» деңгейіне көтергенін хабарлайды. Бұл ретте Банктің ұзақмерзімді несие рейтингі «B-» деңгейінде қалады деп агенттілік есебінде баяндалған. S&P сарапшыларының сөзінше, «рейтингтегі өзгеріс Банктің несие қабілеттігіне қатысты біздің бағалауымыздың қандай да бір өзгерісіне байланысы жоқ».
 
Оған қоса S&P Банктің рейтингін CreditWatch Negative тізіміне енгізді. Мұндай бағалауды ескере отырып, Bank RBK өзінің  орташа мерзімді кезеңге даму стратегиясы Банктің акционерлік капиталын арттыру есебінен, сондай-ақ Қазақстанның банк жүйесін сауықтандыруға бағытталған ҚР Ұлттық Банкінің бағдарламасына қатысу есебінен қор жинақтауды көздейді. S&P аталған есебінде сарапшылар Банктің қандай да бір міндеттемелерді орындамауын болжамайды, оған дәлел ретінде Банктің ашық нарықтан жұмылдыратын міндеттемелері бойынша жоспарлы төлем көлемі таяудағы бірнеше айға шектеулі екендігін келтіреді.
 
«Qazaq Banki» АҚ-мен жарияланған бірігуі Банктің рейтингтік бағалауын айтарлықтай жақсартуы мүмкін. S&P Bank RBK-нің Qazaq Banki-мен бірігуі бойынша процесті жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық Банкінен қолдау алуын жасырмайды. Бірігетін банктер арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, ҚР Ұлттық Банкі оның негізгі ережелерін келістірді. Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істейтін болады, оның басқаратын ірі қатысушысы Владимир Ким атанады, ал активтердің мөлшері бойынша ол Қазақстанның ең ірі банктерінің бестігіне кіре алады.
 
Банк меншік иелерінің немесе мемлекет тарапынан жеткілікті қолдау алған жағдайда, және аталған қолдау нәтижесінде Банк өзінің өтімділік коэффицентін реттеушінің минималды талабынан асатын деңгейге жетсе, S&P Банк рейтингтерін растауды жоспарлауда.
 
Өз кезегінде Банк акционерлері мен менеджменті Банктің одан әрі тиімді қызмет ету жоспарын жүзеге асырады. Бұл жоспардың бөлшегі – капиталдандыруды арттыру (ағымдағы жылдың ақпан айында Банк өзінің реттеуші капиталын 11 млрд теңгеге, немесе 12%-ға арттырды), Qazaq Banki-мен бірігу арқылы қаржы интситутын күшейту және қызметті оңтайландыру және шығынды азайту есебінен бизнес табыстылығын көбейту болып табылады.
 
Қаржылық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында Банк Қазақстанның банк жүйесін сауықтандыру бойынша ҚР Ұлттық Банкі жасақтаған бағдарламаға қатысады. Bank RBK акционерлері аталған бағдарламаның іске қосылуын қолдайды және бағдарламаның шартына сәйкес ынтымақтастық негізінде Банкті капиталдандыруға дайын.
 
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылығын көрсетуде.
 
2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Банк активтері 945,9 млрд теңгені, несиелік портфель – 747,6 млрд теңгені, клиент қаражаты – 674,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 186 млрд теңге. Есепті күнге банктің өзіндік капиталы 94,9 млрд теңгені, жарғылық капиталы - 64,4 млрд теңгені құрады. Банктің 2017 жылғы 4 айдағы табысы 2,9 млрд. теңгеден асты.
 
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
 
 
 
БАҚ үшін байланыс:
 
 «Bank RBK» АҚ Баспасөз-қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі.: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
 
 

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%