Артқа
01.03.2017
Standard & Poor’s агенттілігі Bank RBK халықаралық рейтингін растады
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі – Банк) Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтингтік агенттілігі Банк контрагенттігінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелік рейтингін «B-/C» деңгейінде растағанын хабарлайды. Қазақстанның банк нарығындағы тұрақсыздық жағдайында рейтингті бұрынғы қалпында сақтау – бұл банк басқаруының тұрақты жоғары деңгейінің және акционерлер мен менеджменттің стратегиясына сенімділіктің көрсеткіші.
Сондай-ақ S&P мәліметінше, болжамды «жағымсыз» рейтінгіне қайта қарастырудың негізгі факторы -өтімділіктің волатильді көрсеткіштері аясындағы депозиттердің кері ағысы болуы мүмкін. Дегенмен S&P негізгі сценарий бойынша депозиттердің кері ағысы қарастырылмайтынын айқындайды.
Bank RBK келешекке негізді оптимизммен қарайды, себебі таяу уақытқа Банктің даму стратегиясы депозиттердің үлесінің артуынан гөрі, Банктің акционерлік капиталының ұлғаюы есебінен қор жиналауын көздейді. Атап айтсақ, 2017 жылы Банк реттеуші капиталының 11 млрд теңгеге артқанын жариялады (пайыздық көрсеткіште - 12%-ға). Осылайша болжамды қайта қараудың басты факторы елеусіз болуда.
Акионерлер мен нарықтың тарапынан сенім мен қатысудың растауы - Владимир Кимнің Bank RBK ірі қатысушысы атануға ниеті. Қазіргі таңда оның үлесі Банктің қарапайым акцияларының 7,26% құрайды. Владимир Кимді Банктің ірі қатысушысы ретінде келістіруге құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсыру мерзімі туралы біз қосымша хабарлайтын боламыз.
***
«Bank RBK» АҚ– теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап қаржы институты. Банк жеткілікті капиталға, активтер және пассивтердің жоғары дәрежелі портфельдеріне, провизиялардың адекватты мөлшеріне ие және ұзақ уақыт мерзімінде жоғары табыстылығын көрсетуде.
2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банк активтері 1 021 млрд теңгені, несиелік портфель – 753,4 млрд теңгені, клиент қаражаты – 782,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 210,3 млрд теңге.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет көрсетеді.
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%