Артқа
05.06.2013
«Standard & Poor’s» агенттігі Bank RBK кредиттік рейтингін растады
«Bank RBK» АҚ (бұдан былай – Банк) 2013 жылғы 30 мамырда «Standard & Poor’s (S&P)» рейтингтік агенттігі Банктің кредиттік рейтингін «B-/С» деңгейінде, болжам – «Тұрақты», растады деп хабарлайды.
S&P талдаушылары тәуекелдер (risk-adjusted capital, RAC) есепке алына отырып түзетілген капиталдың жеткіліктілік коэффициентіне сәйкес Банктің барабар капиталдандыру көрсеткіштерін, сондай-ақ салыстырылған банктерге қарағанда активтерінің сапа көрсеткіштерінің жоғары болуын рейтинг деңгейіне оң әсерін тигізген негізгі факторлар ретінде атады. ҚР банк секторындағы бір қалыпты бәсекелік позиция және уақытпен тексерілмеген өсу стратегиясы; кредиттік портфельдің жылдам өсуін басқарумен байланысты тәуекелдер; қорландыру базасы мен кредиттік портфельдің қомақты концентрациясы рейтингке теріс әсер ететін факторлар ретінде аталған.
«Тұрақты» деген болжам Банк жақын 1-2 жылда бизнестің жылдам өсуі кезеңінде қорландыру, өтімділік, капиталдандыру барабар көрсеткіштерін қолдайды деп күтуге болатындығын көрсетеді.
S&P ақпараты бойынша рейтингтер жоғарылауы мүмкін, акционерлік капиталдың ұлғайтылуы Банктің кредит беруінің болжамды жылдам өсуі аясында Банктің шығындарды абсорбциялау қабілетін жақсартса, бұл Банкке болжау кезеңінде әртараптандыруға түзетулерді есепке алмай RAC коэффициентін 10% жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар теріс рейтинг әсері активтердің күтілгеннен де жылдам өсуіне, кредиттік портфель сапасы S&P талдаушылары болжағаннан төмен болу салдарынан кредиттер бойынша шығындарға қомақты резервтердің құрылуына немесе төлем қабілеттігінің барабар көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін меншік иелері тарапынан жеткілікті қолдау көрсетілмеуіне байланысты әртараптандыруға түзетулерді есепке алмай RAC болжамды коэффициентінің 5% төмен деңгейге дейін төмендеуімен шартталған.
S&P Банктің капиталдандыру және табыстылық көрсеткіштерін талдап, Банк RAC коэффициентінің деңгейіне сәйкес барабар капиталдандыруды сақтайды деп күтеді. Капиталдың 9,5 млрд. теңгеге ұлғаюының арқасында RAC коэффициенті әртараптандыруға түзетуге дейін 2011 жыл соңындағы 8,3%-дан 2012 жыл соңында 11,4% дейін артты, аталған соманың 4,5 млрд. теңгесі артықшылықты акцияларды білдіреді. «Банктің капиталдандыру және табыстылық көрсеткіштеріне «барабар» деп берген бағамыз әртараптандыруға түзетулерді есепке алмай RAC коэффициенті жақын 12-18 айда 7% жоғары болып қалады деген болжаммен шартталған. 2012 жыл соңында 1-деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті және Банк капиталының жалпы жеткіліктілік коэффициенті 16,6% және 18% құрады, бұл міндетті ең төменгі деңгейден (сәйкесінше 6% және 12%) жоғары», - делінген S&P есебінде.
S&P талдаушылары Банктің бизнес-позициясын бағалап, Bank RBK-ны бизнесінің жылдам өсуін көрсететін шағын қазақстандық банк ретінде сипаттайды. Bank RBK активтерінің мөлшері бойынша Қазақстандағы 38 банктің ішінде 19-орын алады: 2013 жылғы 1 сәуірде Банктің жиынтық активтері 118 млрд. теңге ($0,8 млрд.), ал нарықтық үлесі 0,8% құрады.
Банк позициясын тәуекел бойынша бағалай отырып, S&P кредиттік портфельдің жылдам өсуі өтеу мерзімінің жақындауына қарай активтер сапасының бірқалыпты нашарлауына алып келеді. Кредит берудің жоғары өсу қарқындарына қарамастан (2010 жыл соңында 3 млрд. теңге болса, 2012 жыл соңында 67 млрд. теңге), Банк үшін негізгі тәуекел факторы Банктегі проблемалы кредиттер деңгейі өте төмен (2013ж. 1 наурызда 90 күннен көп уақытқа кешіктірілген кредиттер үлесі 1,1% құрады), осы көрсеткіш жақын екі жылда артқан жағдайда да орта нарықтық деңгейден қомақты төмен болуы керек деп атап өтті S&P.
S&P ойынша, Банктің жеке тұлғаларға беретін кредиттер үлесін 2012 жылғы 14%-дан 2015 жыл соңында 25%-ға дейін арттыруға ниеті Банк тәуекелдерін әртараптандыру мен маржа мөлшеріне оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ S&P талдаушылары ҚР тұтыну кредитінің жылдам өсуін және осымен байланысты тәуекелдер аясында Банк берген бөлшек кредиттердің 82% бойынша қамтамасыз етудің болуын оң бағалайды.
Банк заңды тұлға берген кредиттер құрылымында сауда (2012 жыл соңында жиынтық корпоративтік портфельдің 35%), құрылыс, жылжымайтын мүлік (2012 жыл соңында 23%) сияқты секторлар басым. Бұл орайда, S&P Банк құрылыспен және жылжымайтын мүлікпен айналысатын компанияларға, негізінен, бір жылдан аз уақытқа және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға кредиттер береді деп атап өтеді, ал бұны S&P тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылыс жобаларына қарағанда тәуекелі аз деп санайды.
S&P Банктің қорландыру көрсеткіштері «орта» ретінде бағалайды, бұл клиенттердің депозиттеріне негізделген Банк қорын көрсетеді. Бұл орайда, өтімділік көрсеткіштері «барабар» ретінде бағаланады, бұл өтімді активтердің жеткілікті үлесімен шартталған (2013ж. 1 наурыздағы жағдай бойынша 27%). «2012 жыл соңында клиенттердің депозиттері Банктің жалғыз қорландыру көзі болды. 2013 жылғы мамырда Банк ішкі нарықта 7 млрд. теңгеге 3 жылдық облигациялар шығарды және маусым айының аяғына дейін толық орналастыруды жоспарлап отыр, бұны біз қорландыру көздерін әртараптандыру және борышты өтеу кестесін ұзарту тұрғысынан оң бағалаймыз», - делінген S&P есебінде. Хабарланғандай, 2,5 млрд. теңгеге Банктің дебюттік ішкі облигацияларын орналастыру үстіміздегі жылдың 16 мамырында өтті.
https://www.standardandpoors.com/home/ru/ru мекенжайы бойынша агенттіктің сайтында Standard& Poor’s толық есебімен танысуға болады.
БАҚ үшін байланыс:
«Bank RBK» АҚ баспасөз қызметі
Тел.: +7(727) 330-90-30, ішкі: 1518
shen_v@bankrbk.kz
akhremushkin_v@bankrbk.kz
www.bankrbk.kz
Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!
Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%