Барлық аударымдар

Шот ашпай Western Union жүйесі арқылы ақша аудару

Артықшылықтары

Western Union – дүние жүзінде танымал шұғыл ақша аудару жүйесі. «Western Union» компаниясының негізі 150 жыл бұрын қаланған, әлемнің 200-ден астам елі мен аумағында 300 мыңнан астам пункті бар.
Ауқымды желі
300 000 аса қызмет көрсету пункттерінен ақша жіберу және алу
Аударымды жеткізу
1 минут ішінде
Жіберу тәсілі
Аударым шотты ашусыз жүргізіледі
Аударым сомасы
Шектеусіз

«Western Union» аударымын қалай жіберу керек?

1
BankRBK офисіне келіңіз
Аударымды ресімдеу үшін банк менеджеріне ұсыну қажет:
  • Жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасын
  • Алушының деректерін (аты-жөні)
  • Алушының елі мен қаласын
Жіберушінің (бейрезиденттің) аударымын ресімдеу үшін банк менеджеріне ұсыну қажет:
  • ҚР уәкілетті органдарында тіркеуді куәландыратын құжаттың түпнұсқасын.
Қытайға аударымды ресімдеу үшін банк менеджеріне ұсыну қажет:
  • Алушы шотының нөмірін, алушының банк бөлімшесінің SWIFT-кодын
  • Алушы банк бөлімшесінің атауын
  • Жіберуші мен алушының байланыс телефондарын
2
Назар аударыңыз!
Аударымды ресімдеу кезінде өтініштегі алушының аты-жөнін тексеру қажет. Алушы аударымды алу үшін ол банкке жүгінген кезде жеке куәлікте / төлқұжатта көрсетілгендей жазылуы тиіс.
3
Аударымды жібергеннен кейін алушыға ресімдеу кезінде аударымға берілген бақылау нөмірін хабарлаңыз.

«Western Union» аударымын қалай алуға болады?

1
Жіберушіден аударымның бақылау нөмірін біліңіз
2
Ақша аударымын тиісті елдегі кез-келген Western Union пунктерінен алуға болады
  • Жеке куәлікті/төлқұжатты менеджерге ұсыныңыз
  • Менеджерге аударым бойынша деректерді беріңіз: жіберушінің аты-жөнін, аударым сомасын, аударым валютасы мен бақылау нөмірін
3
Банк кассасынан аударым сомасын алыңыз.

«Western Union» аударымын қалай жоюға болады?

Егер алушы аударым сомасын алмаған болса аударымды жою мүмкін болады.
  • Аударым жіберілген қаладағы BankRBK-тің офисіне келіңіз
  • Аударымды қайтару туралы өтінішті жазыңыз
Назар аударыңыз! Банк аударылған ақша үшін алған комиссияны қайтармайды.
«Western Union» туралы сұрақтар жиынтығы

1. Жіберушіден аударымды бақылау нөмірін біліңіз

2. Ақша аударымын тиісті елдің кез-келге Western Union кез пунктерінен алуға болады

3. Жеке куәлігіңізді/ төлқұжатыңызды менеджерге ұсыныңыз

4. Менеджерге аударым бойынша деректерді беріңіз: жіберушінің аты-жөнін, аударым сомасын, аударым валютасы мен бақылау нөмірін

Аударым нөмірі жөнелтушіге аударымды жіберу кезінде беріледі

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%