Жеке тұлғаларға арналған ипотека

Жеке тұлғаларға арналған Ипотека

Әр отбасына жеке үй сатып алу — басты міндет және көкейдегі арман.
Алайда, бәрі бірдей қысқа мерзімде пәтер сатып алу үшін жеткілікті мөлшерде ақша жинай алмайды.
Ипотекалық несиелеу тұрғын үй мәселесін шешеді және өз үйіңізге көшуді тездетеді.

Ипотекалық бағдарламалар

Ипотекаға пәтер сатып алу үшін Қазақстан банктері ұсынатын несиелеудің барлық шартын оқып шығыңыз.

Бұл сіздің талаптарыңызға сәйкес келетін ең тиімді ипотеканы табуға көмектеседі.

Ипотекалық бағдарлама

Қажет несие Ипотека

Қарыздың минимум сомасы

2 000 000 ₸

Қарыздың максимум сомасы

до 75 000 000 ₸

Бастапқы жарна

30% -дан

Сыйақы мөлшерлемесі

19% -дан

Мерзімі (ай бойынша)

36-180

Ипотекалық бағдарлама

7-20-25 ипотекасы

Қарыздың минимум сомасы

2 000 000 ₸

Қарыздың максимум сомасы

25 000 000 теңге – Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына. 15 000 000 теңге – өзге өңірлерге.

Бастапқы жарна

20%-дан

Сыйақы мөлшерлемесі

7%

Мерзімі (ай бойынша)

12-300

«7-20-25 ипотекасы» бағдарламасы

жеке тұрғын үйі жоқ қазақстандықтарға жаңа ғимараттарда жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік несиелеу бағдарламасы.

Артықшылықтары:

Жылдам әрі ыңғайлы рәсімдеу
Қарызды қарастыруға және қолма-қол ақша шешіп алуға комиссия жоқ
Сақтандыру жоқ.

Ипотеканы рәсімдеу жолы

Ипотекалық бағдарламаны таңдағаннан кейін, несиеге жеке тұрғын үй сатып алу үшін бірнеше әрекетті орындаңыз.

1

Бюджет шамалап құраңыз және мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз.

Ипотеканы есептеу үшін RBK Bank веб-сайтындағы онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға қажет соманы және қалаған несие мерзімін көрсетіңіз. Ипотека калькуляторы ай сайынғы төлемді және бастапқы жарна сомасын автоматты түрде есептейді. Есептеу шамамен болатынын және шығындарды шамамен бағалауға көмектесетінін ескеріңіз.

2

Ипотекалық несиеге онлайн өтінім жіберіңіз.

Өтінім нысанында өзіңіздің тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын, ұялы телефоныңызды, СТН және өтінім бойынша ақпарат жіберілетін электронды поштаны көрсетіңіз.

3

Банк менеджерімен өзіңізге жақын филиалда кездесуді жоспарлаңыз.

Кездесуде менеджерге қажет құжаттарды ұсыныңыз және несие алыңыз.

4

Несие сомасын банк кассасынан алыңыз.

Қажет соманы алғаннан кейін өзіңіздің пәтер сатып ала аласыз.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығынан айрылу қаупінің алдын алу үшін ай сайынғы несие жарналарын уақытында төлеуді ұмытпаңыз. Ипотеканы банк кассасы, cash-IN функциясы бар банкоматтар, QIWI терминалдары және Касса 24, сондай-ақ MY RBK мобильді қосымшасы арқылы өтеуге болады.

Қалдырған пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз үздік болуға тырысамыз!

Бұл парақша пайдалы ма?
Иә
Жоқ
Бұл бетті пайдалы деп тапқан клиенттердің саны 90%